Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан құрамасының спортшысы Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жастар арасындағы (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олипмпиадалық комитет.

 Хамзаальпер Ромашкин
Фото: ҰОК

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Ромашкин Канада өкілі Никола Самордичті сенімді әрі техникалық шеберлікпен жеңді.

Айта кетейік, БАӘ-де өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатына 81 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Аталмыш жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.

Осыған дейін бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтардың қарсыластары анықталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар