Хамзат Чимаев UFC чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде БАӘ өкілі Хамзат Чимаев (14-0) пен ОАР спортшысы Дрикус Дю Плесси (23-2) шеберлік байқасты. 

Хамзат Чимаев
Фото: instagram.com/ufceurope

Оңтүстікафрикалық файтер орта салмақтағы UFC чемпионы атағын жеңіп алған. Алдағы жекпе-жекте белбеуін қорғауына мүмкіндік бар еді.

Жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған. Бірақ белгіленген уақытынан ерте аяқталды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен жекпе-жек Хамзат Чимаевтың пайдасына аяқталды (50-44, 50-44, 50-44).

Осылайша Хамзат 15-ші жеңісіне қол жеткізіп, белбеуді жеңіп алды. Айта кетейік, ол спорттық мансабында үш рет қана жеңілген. 

Чимаев алғаш рет UFC белбеуінің иегері болды. Дрикус Ду Плесси өз кезегінде белбеуді үшінші рет қорғап, ол әрекеті сәтсіз аяқталды. 

Өкінішке қарай, The Ultimate Fighter финалдық шоуы аясында қазақстандық Әліби Ыдырыс америкалық файтер Джозеф Моралеске (12-2) есе жіберді. 

Бұған дейін отандасымыздың Чикагода UFC келісімшарты үшін жекпе-жек өткізетінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар