«Хан Шатыр» әлемдегі киіз үй тәріздес ең үлкен ғимарат - ВВС

АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның елордасы - Астанада «Хан Шатыр» ойын-сауық кешені ашылды. Британдық Foster & Partners фирмасы жобалаған оның биіктігі 150 метрді құрайды- Қазақстандағы Астана күнін мерекелеу кезінде ВВС агенттігі осындай ақпарат орналастырды.
None
None

«Хан Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр.

Шатырдың ішінде бірнеше деңгейде көптеген дүкендер, мейрамханалар, кинотеатрлар және спорт кешені орналасқан.

Астананың температурасы жазда +30 градустан қыста -30 градусқа дейін төмендейтіндігіне қарамастан, мұнда әртүрлі климаттық белдеу сақталып, оның ішінде жаз кезіндегідей тұрақты температура қамтамасыз етіледі. Сәулетшілер толқынды бассейн, өзенше және сарқыраманы да ойластырған.

Шатыр құрылысы төрт жылға созылды, оның бастапқы жобасының құны 200 млн. долларды құрады.

Бұл көрнекті орынның ашылуы туралы хабарлай отырып, Америка дауысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі шатыр пішіндес ең биік ғимараттың бірі «Хан Шатыр» жаңа сауда ойын-сауық кешенін салтанатты түрде ашқанына назар аударған. Кешен гольф пен су аттракциондары үшін шағын алаңқайлармен жабдықталған.

«Хан Шатыр» кешенін салуда британдық сәулет фирмасы жоспарлаған арнайы 150 метрлік көлбеу құрастырмалар орнатылған. Сондай-ақ оның күн сәулесін өткізетін мөлдір жабыны қазақстандық климаттың қандай күшті аяздарынан да қорғайды.

Соңғы жаңалықтар