Вьетнамда ағаш өңдеу зауыты алапат өртке оранды

АСТАНА. KAZINFORM – Вьетнамның Ханой қаласының Тхань Лиет ауданында орналасқан ағаш өңдеу зауытында алапат өрт шықты, деп хабарлайды TTXVN.

Ханойда ағаш өңдеу зауытында ірі өрт болды
Фото: TTXVN

Өрт 29 наурыз күні шамамен сағат түнгі 23:40-та Тан Чиеу филиалындағы К ауруханасына (Тан Триеу филиалы) қарама-қарсы орналасқан ағаш өңдеу шеберханасында тұтанған.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Ханой қаласының өрт сөндіру және құтқару қызметі оқиға орнына ондаған өрт сөндіру техникасын, сондай-ақ көптеген офицерлер мен сарбаздарды жұмылдырды.

Түнгі сағат 02:00 шамасында қатты жалын мен қою түтін өртті бақылауға алуды қиындатқан. Билік өкілдері тілсіз жаумен күресті жалғастырып жатыр.

Әзірге зардап шекендер туралы ресми ақпарат жоқ.

Ханойдағы өрт
Фото: Фам Киен, Фам Туан Ань/TTXVN
Ханойдағы өрт
Фото: Фам Киен, Фам Туан Ань/TTXVN
Ханойдағы өрт
Фото: Фам Киен, Фам Туан Ань / TTXVN

Айта кетейік, Небраска штатындағы орман өрті 324 мың гектар жерді шарпыды.

Соңғы жаңалықтар