Ханойда Қазақстан мен Вьетнам арасындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды (ФОТО)

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгтың ү.ж. мамыр аяғында Қазақстанға жоспарланған сапары қарсаңында өтті, ал сапардың барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою жоспарлануда.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады. Ортақ қызығушылық танытатын түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша екі жақты мүдделілік білдірілді.
Елші Б. Жұмаханов елдеріміз арасындағы қазіргі экономикалық өзара әрекеттесудің ахуалы саяси ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне сай келмейтінін және одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату бойынша үкімет тарапынан қабылданған негізгі шаралармен таныстырды. Осы тұрғыда инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жақсарту және вьетнамдық бизнес өкілдеріне Қазақстанда қолғабыс көрсету бойынша ашық сұхбатқа дайындық тағы да құпталды.
Өз кезегінде Министр Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда тәжірибесі мол болмағандығын атап өтіп, түрлі экономикалық алаңдарда бизнес-форум, конференция және ынтымақтасудың өзге форматтары негізінде вьетнамдық бизнес өкілдерін Қазақстанмен, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлерді Вьетнаммен кеңінен таныстыру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды. Оның пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасында Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою Қазақстан-Вьетнам ынтымақтастығын одан әрі тығыз дамыту үшін жақсы негіз бола алады.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы соңғы 5 жыл ішінде, негізінен, Қазақстанға әкелінген вьетнамдық экспорты арқасында (2009 ж. - 88,379 млн., ал 2014 ж. - 272 млн. долл.) өсіп келе жатқан жағымды сальдомен сипатталып, 3 есе жоғарылады.
2005-2013 жж. арасында Қазақстанның экономикасына тартылған вьетнамдық инвестициялар көлемі 2,4 млн. АҚШ долларын құрады, ал көрсетілген мерзімде Вьетнамға қазақстандық инвестиция тартылмаған.