13:07, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Ханойдың 1000 жылдық мерейтойына Астана әкімін шақырғалы отырмыз - Вьетнам Елшісі
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Келесі жылы атап өтілетін Ханой қаласының 1000 жылдық мерейтойына Вьетнам өкіметі Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовті шақырғалы отыр.
Бұл туралы Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ву Тхе Хиеп мырза бүгін елордада журналистермен болған кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елші екі республиканың арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы әңгімелеп берді. Тауар айналымы жыл сайын артып отыр және 2007 жылғы 68,8 миллион доллармен салыстырғанда, былтыр бұл көрсеткіш 96 миллион доллардан асты. Елші сондай-ақ Вьетнам мен Қазақстанның мақсаттары ортақ екенін атап көрсетті. «Арақашықтықтың алыстығына қарамастан, Вьетнам мен Қазақстанның ортақ құндылықтары мен мүдделері көп. Атап айтқанда, бейбітшілікке талпыныс, ұлттық тәуелсіздік, тұрақтылыққа, ынтымақтастыққа деген қажеттілік, елді жаңарту үдерісі сияқты ортақ құндылықтарға ие», - дейді Елші. Вьетнам мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынасты 1992 жылы қыркүйектің 26-сында орнатқан.