Харристің танымалдылығы Трамптан жоғары – соңғы сауалнама қорытындысы
АСТАНА. KAZINFORM – Демократиялық партияның Ұлттық съезд алдында және оның барысында жүргізілген бірқатар сауалнама Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Камала Харристі қолдау деңгейі Республикалық партияның қарсыласы Дональд Трамптан жоғары екенін көрсетті.

«Gallup» сауалнамасы бойынша, демократтар мен тәуелсіз сайлаушылардың вице-президент Камала Харриске деген ықыласы зор, және бұрынғы президент Дональд Трамп рейтингінен асып түсті.
Камала Харристің танымалдылығы тамызда 13 пайыздық тармаққа, 47 пайызға дейін өсті. Ал бұрынғы президент Дональд Трамптың рейтингі 5 пайыздық тармаққа, 41 пайызға дейін төмендеп, қарашада өтетін президенттік сайлауды тартысты етті.
Камала Харристің қолайлы рейтингі демократтар арасында 93%, тәуелсіздер 41% және республикашылар 5%-ға дейін көтерілді.
Вице-президенттің жұмысын мақұлдау рейтингі қазір 47% құрайды, бұл желтоқсандағы алдыңғы көрсеткіштен 7 тармаққа жоғары. К.Харристің вице-президенттік мерзімі кезінде ол 40%-дан 49%-ға дейін ауытқып тұрды.
Сондай-ақ «Gallup» мәліметінше, президент Джо Байденнің рейтингі тамыз айында президенттік жарыстан шығып қалғаннан кейін бірнеше апта ішінде 7 тармаққа, 43%-ға дейін көтерілді, бұл демократтардың шешімді 89% мақұлдауына байланысты болуы мүмкін.
Сауалнама 1-20 тамыз аралығында Демократиялық партияның 19-22 тамызда өткен Ұлттық съезі кезінде жүргізілді. Қорытынды АҚШ-тың барлық 50 штатында және Колумбия округінде тұратын 1015 АҚШ ересектерінің кездейсоқ таңдауына негізделген. Таңдау қателігінің шегі 95% сенімділік деңгейінде +/- 4 пайыздық тармақ болады.