15:55, 26 Тамыз 2017 | GMT +5
«Харви» дауылы 155 мың адамды жарықсыз қалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Харви» дауылының салдарынан Американың Корпус-Кристи қаласында 155 мың адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды ABC телеарнасы.

«Харви» сенбіге қараған түні Техастағы тынық мұхитының жағалауына төнді. Бұл 2005 жылғы 1000-нан астам адам қаза тапқан «Катринадан» кейінгі ең қуатты дауыл болып отыр.
Әзірге дауылдан қанша адамның зардап шеккендігі туралы ақпарат жоқ.