Хасан Қасымбаев ісі БАҚ үшін шектеулермен қаралып жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және өзге 5 айыпталушыға қатысты кезекті сот отырысы басталды.

Хасан Қасымбаев ісі БАҚ үшін шектеулермен қаралып жатыр
Фото: Kazinform

Сот отырысы ашық режимде өтіп жатыр, алайда бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірқатар шектеу қойылған: журналистер сот отырысын көршілес кабинеттен бейнетрансляция арқылы бақылайды.

Хасан Қасымбаев ісі БАҚ үшін шектеулермен қаралып жатыр
Фото: Kazinform

Бүгінгі сот отырысында куәгерлерден жауап алынады. Барлығы 6 адамнан жауап алу жоспарланған. Бұған дейін судья Айнагүл Тұқыбаева журналистерге сот залына кіруге, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарын, жеке деректерін жариялауға, сондай-ақ айыпталушылар мен процесс қатысушыларының бет-бейнесін көрсетуге тыйым салған.

Хасан Қасымбаев ісі БАҚ үшін шектеулермен қаралып жатыр
Фото: Kazinform

Хасан Қасымбаевпен бірге айыпталушылар орындығында Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақжанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров отыр.

Еске салайық, сот басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді.

Судья Айнагүл Тұқыбаева бұл өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы залдан шықты.

Сот барысында жәбірленуші — фитнес-жаттықтырушы өзін қалай ұрлап кетіп, ұрып-соққанын айтып берді.

Хасан Қасымбаев былтыр қараша айында қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар