Хатико арбадан құлаған қожайынын Тараз полицейлеріне сеніп тапсырды

Хатико қожайынын Тараз полицейлеріне сеніп тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ит
Фото: видеодан алынған скрин

7 қазанда облыс орталығы көшелерінің бірінде полицейлер жолдың ортасында төңкеріліп жатқан мүгедектер арбасын, жанындағы қарт кісі мен итті байқаған.

Полицейлер Хатико мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден таныды.

Зейнеткер жасанды кедергіден өте алмай, аударылып қалған.

Ит осы уақыт ішінде иесін мұқият күзетіп, жанында отырды.

Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанымен ит иесіне ешкімді жолатпай қойған.

Дегенмен жағдай сәтті аяқталды.

— Ит тістеп алуы мүмкін еді. Қаладағы барлық адамдар оның қабаған екенін біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз — атаға көмек көрсету болды. Ол басын жарақаттап алған болатын, — дейді Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім.

Қазіргі уақытта ата мен оның итінің жағдайы жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар