«Хайвил Астана» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды көздейтін үшжақты меморандумға қол қойылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, меморандум - тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. Ол болашақ мәміленің негізгі, маңызды параметрлерін белгілейді. Бұдан кейін бұл параметрлерді -Жылжымайтын мүлік қоры мен БТА банкінің акционері - «Самұрық-Қазына» әл-ауқат ұлттық қоры бекітеді. Сонымен қатар, құрылыстың өзіндік құны жоғары әрі нысан класының (қазіргі тұрғын үй кешендері салынар кезде эконом, бизнес, социал кластарға бөлінеді) жоғары болуына байланысты бұл мәміле ҚР Үкіметінің тарапынан мақұлдауды талап етеді. Шарттарды бекіткеннен кейін үлестік қатысу шартын жасау жоспарлануда. Ол шарт БТА банкінің кредиттік ресурстарын, Ұлттық қор қаражатының қайтарылуын қамтамасыз ету үшін және объектідегі үйлерді ашық нарықта еркін сатуды көздейді. «Жылжымайтын мүлік қоры Басқарма төрағасы Ғосман Әмриннің пікірінше, бұл жобаны мемлекет қаражаты есебінен қаржыландыру шетелдік инвесторлар үшін жақсы нышан болмақ. Өйткені, олардың қаржылық дағдарыс кезінде аса сақ қимылдап отырғаны белгілі», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.