08:50, 10 Маусым 2025 | GMT +5
HBO Гарри Поттер сериалы үшін жаңа актерлерді бекітті
АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық HBO телекомпаниясы «Гарри Поттер» сериалындағы рөлдерге қатысуға мақұлданған тағы жеті актердің есімдерін жариялады, деп хабарлайды ТАСС.

Variety журналының хабарлауынша, Кэтрин Паркинсон Молли Уизлиді, Локс Пратт Драко Малфойды, ал Джонни Флинн – Люциус Малфойды сомдайды.
Сондай-ақ сериал түсіріліміне келесі актерлер қосылады: Симус Финниган рөлінде Лео Эрли, Парвати Патил рөлінде Алессия Леони, Лаванда Браун рөлінде Сиенна Муса және Корнелиус Фадж рөлінде Берти Карвел.
Бұған дейін HBO Max телеарнасы өзінің жаңа «Гарри Поттер» телесериалының басты кейіпкерлерін сомдайтын актерлерді атады.
Сонымен Гарри Поттерді – Доминик Маклафлин, Гермиона Грейнджерді – Арабелла Стэнтон, ал Рон Уизлиді – Аластер Стаут сомдайды.