Хельсинки Қорытынды актісі 35 жыл өтсе де, өзектілігін жоғалтқан жоқ - ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев

АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Хельсинки Қорытынды актісі қол қойылғанына 35 жыл болса да, өз өзектілігін жоғалтқан жоқ,
None
None

деп мәлім етті ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев тамыздың 1-інде атап өтілетін құжатқа қол қойылған күннің мерейтойы қарсаңында. Бұл туралы Сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметінен хабарлады.

«35 жылдан бері Хельсинки Қорытынды актісі өз өзектілігін және қажеттілігін жоғалтқан жоқ. Хельсинкиде 35 мемлекеттің басшылары бекіткен қауіпсіздіктің жаңашыл және жалпыға бірдей тұжырымдамасы қазір де ЕҚЫҰ жауапкершілігі аумағындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың маңызды факторы болып табылады», - деді Қ.Саудабаев өз сөзінде.

«Сонымен қатар, әлемде, әсіресе, соңғы жылдары орын алып жатқан түбегейлі өзгерістер ЕҚЫҰ-ға мүше елдерден, ең алдымен сол елдердің басшыларынан, жаңа ығыттар мен қауіп-қатерлерге барабар жауаптар іздестіруді талап етеді. Міне, сондықтан да ағымдағы жылы Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің дер кезінде өткелі отырғанын айта кету керек. Біздің мақсатымыз - «Ванкуверден Владивостокқа дейінгі аралықтағы қауіпсіздік кеңістігі» тұжырымдамасынан біртұтас еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құруға бет бұру», - деді ол.

1975 жылы тамыздың 1-інде 35 мемлекеттің президенттері мен премьер-министрлері қол қойған Хельсинки Қорытынды актісінің «қырғиқабақ соғыс» кезінде арадағы шиеленісті азайтуға жасалған маңызды қадам болғаны және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі диалогқа арналған тұрақты форум - бүгінде ЕҚЫҰ атанып отырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының құрылуына негіз болғанын баршаға аян.

Бүгінде ЕҚЫҰ құрамына кіретін 56 мемлекеттің басшылары қатысқалы отырған ЕҚЫҰ Саммитін ағымдағы жылы Астанада өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар