Хельсинкиде өткен семинарда «Бейбітшілік үшін әріптестік» трастылық қорының келешегі талқыланды

БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Өткен аптаның аяғында Хельсинкиде НАТО мен Финляндияның сыртқы істер министрлігі «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының үш күндік семинарын ұйымдастырды.
None
None
Семинарға НАТО мүше-мемлекеттері мен әріптес-мемлекетерінің, халықаралық ұйымдардың 70-тен астам өкілдері қатысты. Онда Бейбітшілік үшін әріптестіктің озық тәжірибелері мен жобалардың келешегі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.НАТО/Бейбітшілік үшін әріптестік трастылық қорының келешегі тек қана ерікті қайырымдылықтардан қаржыландырылады және әскери реформаларға құнды қолдау көрсетеді. Жобаның басты назарында ? артық және ескірген жаяу әскерге қолданылатын миналар, ату қарулары мен жеңіл қарулардың қорларын қауіпсіз жою; қорғаныс институттарындағы адалдықты ынталандыру, әскери реформа барысында запасқа шыққан бұрынғы әскери қызметшілерді қайта даярлау.2009 жылдың мамырында трастылық қор саясаты қабылданған уақыттан бері басталған жобалардың саны 20-дан асады, олардың 9-ы қазірдің өзінде аяқталды. Бүгінгі күні осы жобаларға 50 миллион евродан астам қаражат бөлінді. Трастылық қордың жобалары еуроатлантикалық аймақ пен одан тыс елдердегі қауіпсіздікке және әскери реформаларды ілгері жылжытуға іс жүзінде үлес қосып келеді. Қазіргі уақытта олар Әзірбайжанда, Ауғанстанда, Босния мен Герцеговинада, Грузияда, Иорданияда, Қазақстанда, Молдовада, Сербияда және Украинада жүзеге асырылуда.
Соңғы жаңалықтар