«Хезболлаға» Израильдің Ливанда әскери операция бастайтыны жайында ескертілді — БАҚ
АСТАНА. KAZINFORM — Сенбі күні Ливанның LBCI арнасы араб елдерінің бірі «Хезболлаға» Тель-Авивтің Ливанда ауқымды операция бастайтынын ескерткенін хабарлады, деп жазды арабтың «Набд» жаңалықтар платформасы.

Бұл жаңалық Ливан БАҚ-тарында Израильдің «Кан» ресми телеарнасының Ливандағы батыс өкіліне сілтемемен солтүстік майданда (Израильмен шекарада — ред.) бітімге келу әрекеттерінде ілгерілеу жоқ деген хабар тараған соң пайда болды.
Израильдің баяндамасына сәйкес, ливандық тарап үшін «қазіргі уақытта келісімнің кілті Бейрутте емес, Газада, яғни сол жерде соғысты тоқтатуда».
Израильдің радиохабар тарататын корпорациясы екі апта бұрын неміс барлау қызметі басшысының орынбасары Оле Дильдің Бейрутте «Хезболла» бас хатшысының орынбасары Наим Касеммен кездесуі туралы хабарлап, «кезектен тыс кездесу ешқандай маңызды нәтиже бермеді, ал неміс тарапы „Хезболланы“ Ливан майданын Газа майданынан бөлуге көндіре алмағанын» атап өтті.
Касем кездесуде Газадағы соғыс аяқталғанға дейін Ливан майданында реттеу туралы қандай да бір идея айтудан бас тартып, неміс шенеунігін Израильдің шабуылды тоқтатуы үшін оған қысым көрсетуге шақырды.
Ливанның оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарда қауіпсіздік жағынан шиеленіс орнаған. Израиль армиясы мен «Хезболла» арасындағы қақтығыстар мен зымырандық шабуылдар ХАМАС 2023 жылғы 7 қазанда «Әл-Ақса тасқыны» операциясын бастап, Израиль Газаға соғыс жариялағалы бері болып жатыр. «Хезболланың» Бас хатшысы «Ливан майданы — Газа секторын қолдайтын майдан» деп жариялады.
Израиль армиясы аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты жауынгерлік әзірлікті арттыру шаралары аясында Ливанмен шекарада қарқынды оқу-жаттығулар өткізетінін жариялады.