«Хезболланың» жаңа басшысы АҚШ-тағы сайлауға қатысты пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін «Хезболла» қозғалысының бұрынғы басшысы Хасан Насралланың қайтыс болғанына 40 күн болды. Оның жаңа жетекшісі Наим Касем естелік сөз сөйледі. Онда ол топ жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге сенбейтінін және АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижелеріне мән бермейтінін айтты, деп хабарлайды Sky news arabia. 

«Хезболла» готова к потенциальной наземной операции Израиля
Фото: Ливанская Радиовещательная Корпорация (LBC)

«Америкадағы сайлауда Камала Харрис, әлде Дональд Трамп па, қайсысы жеңіске жетсе де, біз үшін ол маңызды емес», — деді Наим Қасем.

Ол сондай-ақ бұл (АҚШ-тағы сайлау — ред.) жалпы саяси бағытқа әсер етпейтінін және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды тоқтатпайтынын атап өтті.

«Біз өз үмітімізді саяси оқиғалармен байланыстырмаймыз. «Хезболла» «жау агрессияны тоқтатқаннан» кейін ғана атысты тоқтату келіссөздерін бастауға дайын болады», — деді Касем.

Ол «Хезболланың» жауға қарсы тұру үшін дайындалған он мыңдаған жауынгері бар екенін қосып өтті.

«Егер жау тоздыратын соғысқа ставка жасаса, қанша уақыт қажет болса да, біз қатысамыз», — деді Наим Касем.

Бұған дейін Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан Қазақстан азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды. 

Соңғы жаңалықтар