ХҒС-қа ұшырылатын Александр Скворцовтың экипажы бекітілді
Мемлекеттік комиссия мүшелері - Ресейғарыш кәсіпорындарының басшылары, НАСА, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің өкілдері, «Байқоңыр» кешеніндегі ҚР Президентінің өкілдігі «Союз ТМА-12М» тасымалдаушы басқарылатын кемесінің негізгі және қосалқы экипаждарын ұшыруға әзірлеу қорытындыларын қарады.
Мемлекеттік комиссияның шешімі негізінде «Союз ТМА-12М» кемесімен ғарышқа ұшыруға құрамында: кеме командирі Александр Скворцов, (Ресейғарыш), бортинженер-1 Олег Артемьев (Ресейғарыш), бортинженер-2 Свонсон Стивен Рей (НАСА) бар негізгі экипаж бекітілді.
Олардың қосалқы экипажына «Союз ТМА-12М» тасымалдаушы басқарылатын кемесінің командирі Александр Самокутяев (Ресейғарыш), бортинженер-1 Елена Серова (Ресейғарыш), бортинженер-2 Уилмор Барри Юджин (НАСА) бекітілді.
Қазақстандықтар атынан экипаждарды ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Рзақұл Нұртаев құттықтап, ғарышкерлер мен астронавтарға ойдағыдай ұшуға және қазақ жеріне аман-есен оралуларына тілектестік білдірді.
«Союз ТМА-12М» тасымалдаушы басқарылатын кемесімен «Союз-ФГ» зымыран-тасығышын Халықаралық ғарыш стансасына ұшыру 26 наурызға, Астана уақытымен 03 сағат 17 минутқа жоспарланған.