ХХІ ғасырдағы көшбасшы партия - бұл жалпыхалықтық бақылаудың басты құралы - Елбасы

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - ХХІ ғасырдағы көшбасшы партия - бұл жалпыхалықтық бақылаудың басты құралы. Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезі барысында партия Төрағасы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

Сөз арасында «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру мәселесіне тоқталған Елбасы, бұл ретте «Нұр Отан» партиясының ең алдымен парламенттік және қоғамдық бақылауды кеңінен пайдалануы керектігін атап өтті. «Мәжілістің 5-і шақырылының өзінде ғана нұротандық депутаттар мемлекеттік органдарға сайлауалды тұғырнаманың орындалуына қатысты 300-ге тарта сауал жолдады. Бұл сауалдар мұқият сараланып, халыққа тұғырнаманың орындалып жатқанын жеткізуге тиіспіз», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы Парламенттегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының салық салу мәселелеріне қатысты принципті ұстанымын ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар