ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының медальдары қандай

АСТАНА. KAZINFORM –  Италияның Венеция қаласында ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындары медальдарының салтанатты таныстырылымы өтті.

ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының медальдары қандай
Фото: milanocortina2026.olympics.com

Халықаралық Олимпиада комитеті ресми сайтының хабарлауынша, медальдарды Милан-Кортина қысқы Олимпиада ойындары мен қысқы Паралимпиада ойындарының ресми демеушісі Италияның мемлекеттік теңге сарайы мен баспа институты (Istituto Poligrafico e Zecca dello Stato/IPZS) жасаған. 

ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының медальдары қандай
Фото: milanocortina2026.olympics.com

Медальдар экологиялық таза, улы емес және қайта өңдеуге болатын металдан шығарылады. IPZS пайдаланатын энергия толығымен жаңартылатын көздерден алынады.

- Медальдар итальяндық дизайнның шеберлігі мен тамашалығын білдіреді. Олардың әрқайсысы бірегей туынды, жоғары деңгейдегі технологиялық инновациялармен біріктірілген шеберліктің нәтижесі,- деп атап өтті IPZS президенті Паоло Перроне.

Медальдың алдыңғы және артқы жағы бір-біріне жалғанған екі жарты шеңберден тұрады. Бұл екі қала Милан мен Кортина арасындағы ынтымақтастықты және жеңіс рухы мен армандарды жүзеге асыру үшін күресті бейнелейді.

ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының медальдары қандай
Фото: milanocortina2026.olympics.com

Сонымен қатар медальдағы екі жарты бөлік спортшының мансап жолын және осы жолда оның жанында болған барлық адамды бейнелейді.

- Әр медаль, мейлі Олимпиадалық болсын, мейлі Паралимпиадалық болсын, металға өрнектелген тарих: ол жеңіс тұғырына жету үшін өмір сүргендердің күш-жігері, табандылығы, құрбандығы және үміті туралы айтады. Сонымен қатар ол спорттың ең шынайы құндылықтарына сенетін елдің тарихын баяндайды. Оны жеңіп алғандар өздерімен бірге тек қана итальяндық рухтың құрметін, тірі жеңіс символын алып жүреді. Біз бірге армандауға және оған қол жеткізуге қабілеттіміз, - деді Милан-Кортина 2026 қорының президенті Джованни Малаго.

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының факелі таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар