ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясында қазақ жастарының ұсыныстары баяндалады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Қазақстандағы климаттың өзгеруі бойынша жергілікті жастар конференциясы (LCOY Kazakhstan 2024) өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясы
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл алаң климаттың өзгеруі және экологиялық проблемаларға бейімделу мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін жасалған, мұнда жастардың пікірі шешуші рөл атқарады. Талқылауларға сарапшылар, саясаткерлер және экологиялық белсенділер де қатысты. 

ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясы
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Конференцияның негізгі тақырыптары: «Қазақстандағы климаттың өзгеруі», «Климат өзгеруінің су секторына әсерін бағалау», «Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін жергілікті шешімдер», «Қазақстандағы жасыл, тұрақты және заманауи энергетиканы жаппай енгізу мен қолданудың маңызы, болашақ перспективалары».

ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясы
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

LCOY Kazakhstan 2024 нәтижесі ретінде Қазақстан жастарының ұсыныстарымен баяндама дайындалады, ол Бакуде өтетін ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясында ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар