ХІХ ғасырға тиесілі бағалы монеталарды шекара асырмақ болған әйел құрықталды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Көліктегі полиция қызметкерлері заңсыз жолмен Ресейге сирек кездесетін бағалы монеталарды алып өтпек болған 61 жастағы Өзбекстан азаматшасын қолға түсірді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
None
None
Ресми өкілдің мәліметінше, әйел адам «Жұрын-Қандыағаш» аралығындағы Ақтөбе станциясында ұсталды. Оның сөмкесін тінту кезінде 1811 жылы сары металдан соғылып жасалған 212 монета табылды. «Күдікті ОҚО-дағы «Жібек жолы» бақылау-тексеру пункті арқылы шекарадан өтіп, РФ-ның Астрахань қаласына бағыт алған. Монеталар тәркіленіп алынып, сараптамаға жолданды, оның қорытындысы негізінде процессуалдық шешім қабылданатын болады», - дейді ІІМ өкілі.
Соңғы жаңалықтар