Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Химия саласындағы 2017 жылғы Нобель сыйлығы ерітіндідегі молекулалар құрылымын анықтауға арналған криоэлектронды микроскопия жасап шығарғаны үшін Жак Дюбош, Иоким Франк және Ричард Хендерсонге берілді.
Бұл туралы сәрсенбі күні Корольдік ғылым академиясының Нобель комитеті мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.