11:24, 22 Шілде 2015 | GMT +5
Хип-хоп фестиваліне жиналған жастар Бурабайда бас қосты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Курортты Бурабай баурайындағы «Звездный» балалар сауықтыру орталығында облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен мәдени қайырымдылық айлығы аясында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Жастар есірткіге қарсы!» атты облыстық хип-хоп фестивалі өтті.
Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталмыш фестивальді «Звездный» балалар сауықтыру орталығында демалып жатқан, яғни, Астана қаласы мен Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 300-ден астам жасөспірімдер мен жастар қауымы тамашалады.
Іс-шараның мақсаты - есірткінің адам денсаулығына зиянды екенін түсіндіре отырып, жастарды салауатты өмір салтына шақыру болып табылады. Фестивальге жиналған жастар күрделі қимылдарға толы заманауи хип-хоп билерін билеп, көңілдерін көтерді.