Хиросима атом бомбасының құрбандарын еске алды

АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның Хиросима қаласында америкалық атом бомбасының құрбандарын еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform Euronews арнасына сілтеме жасап.

Хиросима атом бомбасының құрбандарын еске алды
Фото: Wikipedia.org

Іс-шара кезінде Жапония премьер-министрі Шигеру Ишиба, Хиросима мэрі және басқа да ресми тұлғалар кенотафқа гүл шоқтарын қойды. Әкімнің сөзінен кейін бейбітшілік символы ретінде ондаған ақ көгершін ұшырылды. 

Өз кезегінде Ишиба ядролық қарусыз әлем құру жолында жұмыс істеуге уәде бергенін тағы да қайталады. 

– Атом бомбасының қасіретін әлемге жеткізуге қабілетті жалғыз ел ретінде біз осы қайғылы тәжірибені есте сақтаймыз және мұндай апаттың қайталануын болдырмау жолында жұмыстанамыз, - деді Ишиба Network X желісіндегі жазбасында. 

Хиросиманы бомбалау кезінде қала қирап, 140 мың адамның өмірі қиылды. Америка Құрама Штаттары 1945 жылы 6 тамызда қалаға Little Boy атомдық оқтұмсықты тастады. «Семіз адам» деп аталатын сәл үлкенірек бомба бірнеше күннен кейін, 9 тамызда Нагасакиге тасталып, 70 мың адам ажал құшты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияда апта ішінде аптап ыстықтан 18 адам қайтыс болғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар