ХКБ басшысы 20 жыл ішінде үміткер-қала осындай тамаша жеңіске жеткеніне бірінші рет куә болғанын айтты

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Астанада болатын Көрменің ұйымдастыру мәселелері бойынша болған консультацияларға ҚР-ның Франциядағы Елшісі Нұрлан Дәненов қатысты.
Р.Жошыбаев Астананың жеңісі Елбасымыз Н.Назарбаевтың испандық Сарагосадағы ЭКСПО-2008 шеңберінде айтқан бастамасын іске асырудың басты кезеңі болғанын атап өтті. Ол ХКБ Бас хатшысын Комиссариат Көрмені ең жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.
Өз кезегінде, Т.Ермегияев аталған халықаралық шараға, «Болашақ энергиясы» тақырыптың өзектілігіне назар аудара отырып, ХКБ жанындағы барлық мүше елдері қатысатынына үміт артатынын білдірді. Осы орайда, ХКБ-ның практикалық кеңестері мен ұсыныстары Астана үшін өте қажетті болады.
В.Лоссерталес 20 жыл бойы Ұйымда жасаған жұмысында үміткер-қала осындай триумфты жеңіске жеткеніне бірінші рет куә болғанын және науқанның үлгілі өткенін айтты. ХКБ басшысы өзінің қаңтардағы Қазақстанға жасаған сапарын талқылай келе, елдің Президенті, Үкімет мүшелері, халқы Көрмеге көрсетіп отырған қолдаудың маңыздылығын баса айтып өтті. Кездесу соңында Бюроның Бас хатшысы Елшіліктің жұмысын жоғары бағалады және ХКБ мен қазақстандық мемлекеттік органдар арасындағы жұмыс бабындағы байланыстарды ұйымдастыруға тигізген қолғабыс үшін өз алғысын білдірді.