ХҚО-лар мамыр айындағы мерекелерге байланысты қалай жұмыс істейді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО мамыр айының мерекелік күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады.

Жаңаөзен
Фото: Жаңаөзен қалалық ХҚКО

Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.

Дегенмен, 2 және 11 мамыр - кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

- Мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегіжұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді, - деп хабарлады мемлекеттік корпорациядан.

Еске салайық, биыл 1 сәуірден бастап бірқатар өңірде кезекші ХҚКО-лардың мекенжайы өзгерді.