ХҚКО-ларды Әділет министрлігінен жергілікті органдарға беру олардың жұмысына теріс әсер етті - Премьер-Министр

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Халыққа қызмет көрсету орталықтарын Әділет министрлігінен жергілікті органдарға беру олардың жұмысына теріс әсер етті.
None
None

Бүгін ҚР Әділет министрлігінде өткен алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осындай пікір білдірді.

«Өкінішке қарай, менің ойымша, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын Әділет министрліген жергілікті органдарға беру олардың жұмысына теріс әсер етіп отыр. Азаматтар ХҚКО келгенде оның Әділет министрлігіне немесе әкімдікке қарайтындығында жұмысы жоқ қой. Ең бастысы, жұртшылыққа сапалы әрі жылдам қызмет көрсетілуі тиіс еді. Мұндай жұмыста олқылықтар бар. Сондықтан бұл сұраққа қайта оралуға тура келеді және мұны жаңа тұрпатты көзқараспен, электрондық үкімет аясында шешкен абзал. Мен Байланыс және ақпарат министрлігіне осы бағытта тапсырма бердім, Әділет министрлігіне де осы мәселені қайта қарауды жүктеймін»,-деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы халыққа қызмет көрсету орталықтарын қайтадан орталықтандыру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын жеткізді. «Ең бастысы, жұртшылыққа сапалы қызмет көрсетуді тағы да терең зерделей түсуіміз қажет»,-деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар