ХҚКО және медициналық мекеме қызметкерлері қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағандыда заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.

Елде заңсыз көші-қонның ауқымды схемасы әшкереленді
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Облыс прокуратурасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсатты заңсыз беруді ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.

- Қылмыстық схемаға ХҚКО, медициналық мекемелердің қызметкерлерінің және «көмекшілер» деп аталатындардың кіргені анықталды, - делінген хабарламада.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың аталған фактісі облыс прокуратурасының АЕК-іне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҰҚКД ТБ-ға жіберілді, қазіргі уақытта үш айыпталушы сотқа берілді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Еске салсақ Маңғыстау облысында қылмыстық топ мүшелері сотталды

Соңғы жаңалықтар