ХҚО мамандары тұрғындардың мүлік жайлы мәліметіне өзгеріс енгізіп отырған - комитет
ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» филиалында заңсыз әрекеттің жолын кесу бойынша жедел шаралар кешенін жүргізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу нұсқасы бойынша, қаскүнемдер жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке иелік ету тарихын өзгерту арқылы «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпарат жүйесінде заңсыз модификациялау бойынша жұмыс жүргізген.
Қылмыстық кодекстің 206-бабының 2-бөлігі (ақпаратты сыйымсыз жою немесе түрлендіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.