ХОК президенті Нанкиндегі Жасөспірімдер Олимпиадалық ойынын жабық деп жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Нанкиндегі Жасөспірімдер Олимпиадалық ойынын жабық деп жариялады.
None
None

Жабылу рәсімінде Ойынның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғаны атап өтілді.

«Олимпиаданың келешегі сіздердің қолдарыңызда, - деді Бах жас спортшыларға. - Шынайы ынтамен жарысқа түсіп, қарсыластар мен қағидаға құрметпен қарадыңыздар. Келешектеріңіздің жарқын екенін көрсете білдіңіздер. «Сельфилеріңіз» тамаша болды, енді смартфондарыңызды қосып, сіздермен бірге отырғандарға алғыстарыңызды білдіріңіздер.

Қытай халқына тамаша мереке ұйымдастырғаны үшін алғысымыз шексіз. Ойын өте жоғары деңгейде өтті. Ерте ме, кеш пе, не нәрсенің соңы болады, Ойынды жабық деп жариялаймын».

Соңғы жаңалықтар