ХОК Ресейдің «таза» атлеттеріне адал екендіктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах допинг дауы үшін Ресейдің барлық спортшылары жауапкершілікті көтеру тиіс екендігін айтты, сондай-ақ Ресейдің «таза» атлеттеріне адал екендіктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді, деп жазады РИА Новости.

Бүгін Лозанна қаласында Рио Олимпиадасына Ресей құрама командасының қатысу-қатыспауына қатысты талқылау өткен болатын. 

Отырыс шешімі бойынша ХОК Ресей атлеттерінің 2016 жылғы Олимпиадаға қатысуы туралы шешімді спорт түрлері бойынша халықаралық федерация қабылдайтынын айтты.

Айта кетейік, бүгін британиялық танымал Daily Mail басылымы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бүкіл Ресей құрамасын «мемлекеттік допингтік бағдарламасы» үшін жазалап отырғанын, ал ХОК-тың ұстанымы «допинг - спорт атаулыға жасалған шабуыл» екенін алға тарта отырып, ресейлік спортшыларды Олимпиада ойындарынан шеттететіні туралы жазады. Сондай-ақ, кейбір дереккөздер келтірген дәйектерге сүйенсек, Ресей спортшыларын тек Риодан ғана емес, 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарынан да шеттету мәселесі қарастырылып жатқаны айтылады.

Осыған дейінгі деректерде хабарланғандай, Халықаралық олимпиада комитеті ресейлік спортшылардың Рио олимпиадасына қатысу-қатыспауы туралы шешімін шілденің 24 күні жариялауы тиіс болатын. Бүгін бұл мәселеге нүкте қойылуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, допинг дауы Қазақстан құрамасын да айналып өткен жоқ. Осыған дейін халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон Олимпиадалары кезінде, ал Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедова үшеуі соңғы Олимпиадада допинг қолданды деп, жарыстардан шеттеткен болатын. Бұл аты аталған спортшылар биылғы Рио олимпиадасына қатыспайды.

 

Соңғы жаңалықтар