Хоккей ӘЧ: Қазақстан құрамасы Норвегияға есе жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның хоккейден құрамасы 2016 жылғы әлем чемпионатындағы ойынның үшінші матчында Норвегиядан - 2:4 ұпайымен ұтылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Норвегиялықтар ойынды қарқынды бастады, Андрей Назаровтың командасын алға шығармады, осындай белсенділік Йоханнес Йоханнессенге бір шайба салуға мүмкіндік берді. Осыдан кейін скандинавтықтар қатары азайып қалды, Найджел Доус есепті теңестірді. Ойыннан шығарылғандар көп болғанымен бірінші бөлікте есеп тең аяқталды. Екінші кезеңде Кен-Андре Олимб норвегиялықтарды алға тартты, алайда құрамы артық болған Брэндон Боченски таразы басын теңестірді. Кейін Матис Олимб өз командасына ұпай әперді. Соңғы 20 минут қатты айқаспен өтті, бос қақпаға шайба салған Матс Цуккарелло ойынды аяқтады.
Бүгін 23:15-те Қазақстан Швециямен кездеседі.
Әлем чемпионаты -2016
А тобы, 10 мамыр
Қазақстан - Норвегия 2:4 (1:1, 1:2, 0:1)
Шайбалар:
0:1 - 03:24 Йоханнессен (Форсберг). Тең құрамда
1:1 - 07:00 Доус (Бойд). Көпшілік жағдайда +1
1:2 - 33:04 Олимб К-А. (Нёрстебё, Ольсен М.). Тең құрамда
2:2 - 35:47 Боченски (Савченко, Доус). Көпшілік жағдайда +1
2:3 - 38:17 Олимб М. (Олимб К-А.). Тең құрамда
2:4 - 57:37 Цуккарелло. Тең құрамда, қақпа бос
Қазақстан: Колесник - Трясунов-Семенов, Доус-Боченски-Бойд; Савченко-Липин, Старченко-Рымарев-Иванов; Корабейников-Лакиза, Худяков-Краснослободцев-Пушкарев; Лобанов-Қайыров, Паньшин-Соларев-Маркелов;
Норвегия: Хёуген - Холёс-Нёрстебё, Бастиансен-Мартинсен-Цуккарелло; Йоханнессен-Толлефсен, Олимб К-А.-Олимб М.-Ольсен М.; Трюгг-Эдегорд, Рёймарк-Форсберг-Ольсен Т.; Треттенес-Стене-Хага, Аск-Дальстрём.
Айып: 18:12 (8:8, 6:2, 4:2)
Төрешілер: Тимоти Майер (США), Линус Элунд (Швеция)
10 мамыр. Мәскеу. ВТБ Мұз сарайы.