Хоккей: «Барыс» бүгін елордада СКА командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін өз алаңында Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу елорда уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Екі команда бұған дейін 30 мәрте кездескен. Оның 7-еуі елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жеткен.
Турнир кестесінде «Барыс» 59 ойыннан кейін 44 ұпаймен 22-орында тұр. Ал СКА 60 ойыннан кейін 84 ұпаймен 4-орында келеді.
Айта кетейік, астаналық клуб соңғы 10 ойынның тоғызында қарсыластарына есе жіберді.
Бұл кездесуден кейін қазақстандық ұжым 10 ақпанда елордада «Спартак» (Мәскеу) клубымен кім мықтыны анықтайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан сегізінші мәрте жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.