Хоккей: «Барыс» «Амурмен» екінші кездесуге қатысатын құрамын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы екінші кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған кездесу елорда уақытымен 13:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка аталған кездесуде төмендегі хоккейшілерге сенім артып отыр:
Гудачек (Бояркин);
Мищенко - Грант, Шевченко - Вей - Бракко;
Бекетаев - Грэм, Шестаков - Сагадеев - Петухов;
Сергиенко -Данияр, Луис - Борисевич - Михайлис;
Гайтамиров - Қайыржан, Максимов - Шайхмедденов - Рахманов.
Айта кетсек, елордалық клуб аталған қарсыласымен 5 қаңтарда өткен алғашқы кездесуінде буллиттен 3:4 есебімен жол берді.
Ойынның негізгі кезеңі 3:3 есебімен аяқталды. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте Станислав Бочаров соққан шайба «Амурға» жеңіс алып келді.
Бұдан кейін «Барыс» 8 және 9 қаңтар күндері Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасымен шеберлік байқасады.
Фото: hcbarys.kz