Хоккей: «Барыс» «Авангард» командасынан жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордада «Авангард» (Омбы) командасымен кездесті, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 9-минутында омбылық Никита Михайлов есеп ашса, оған 11-минутта «Барыс» хоккейшісі Линден Вей бір шайбамен жауап қайырды. Ал 16-минутта Иван Мирошниченко қайтадан «Авангардты» алға шығарса, 22-минутта Егор Петухов тағы да таразы басын теңестірді.

Ойынның 32-минутында Сергей Толчинский, 42-минутта Александр Дергачёв ресейлік клубтың басымдығын арттыра түсті.

Ал 59-минутта «Авангард» хоккейшісі Алекс Бродхерст қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 28 желтоқсанда Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» алдағы екі кездесуге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.


Соңғы жаңалықтар