Хоккей: Барыс Автомобилист командасымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын елорда уақытымен 19:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 51 мәрте кездесті. Оның 33-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде cегіз ойыннан 7 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 16-орында келеді. Ал cегіз ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Автомобилист» 2-орынға жайғасқан.
Соңғы он кездесудің жетеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.
2022 жылдың 16 тамызында елордада Қазақстан Президенті кубогында «Барыс» овертаймда 2:3 есебімен жеңілсе, сол жылдың 24 тамызында Челябинскі губернаторының кубогында 2:1 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб «Сибирь» командасынан басым түскен .