Хоккей: «Барыс» Блинов турнирін жеңіспен бастады

Андрей Скабелка бұл ойында төмендегі ойыншыларға сенім артты: Паскуале (Шутов); Гайтамиров — Грант, Оберг - Шестаков - Барбер; Скленичка - Ножье, Савицкий - ЛаБейт - Бракко; Нұрғалиев - Данияр, Старченко - Борисевич - Мұратов; Полохов - Шалапов, Әсетов - Гурков — Рахманов; Өмірбеков.
Ойынның 4-минутында ресейлік клубтан Александр Волков өз командасын алға шығарды. Арада бір минут өткенде «Барыс» қорғаушысы Эмиль Нұрғалиев есепті теңестірді.
Үшінші кезеңде Давид Скленичка мергендік танытып, елордалық клубқа жеңіс алып келді.
Осылайша Андрея Скабелка шәкірттері 2:1 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Енді «Барыс» 23 тамызда елорда уақытымен 19:30-да
Омбының «Авангард» клубымен кездессе, 25 тамызда сағат 11:00-де Ниженкамскінің «Нефтехимигімен» шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс»TANECO кубогында төртінші орынды місе тұтты.