Хоккей: «Барыс» Блинов турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті

Бұл жолы елордалық клуб Омбының «Аванград» командасымен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында ресейлік клубтан Рид Буше небері 17-секундта есеп ашқан еді. Одан кейін «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий 6, Самат Данияр 19-минутта екі гол соғып кетті.
Екінші кезеңнің 24-минутында «Аванград» хоккейшісі Либор Шулак есеп айырмасын қысқартты.
Ал үшінші кезеңде қазақстандық командадан Райли Барбер 45, 58-минутта қос голдың авторы атанса, 59-минутта ресейлік хоккейші Иван Николишин қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсіп, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасынан басым түсті.
Енді елордалық клуб 25 тамызда сағат 11:00-де Ниженкамскінің «Нефтехимигімен» шеберлік байқасады.