Хоккей: «Барыс» бүгін «Адмирал» командасымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыс» бүгін «Адмирал» командасымен кездеседі

Аталған ойын бүгін, 8 қаңтарда елорда уақытымен 13:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті. Оның 16-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде қырық cегіз ойыннан кейін 46 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 17-орында келеді.

Ал, қырық жеті ойыннан кейін 55 ұпай жинаған «Адмирал» 11-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Айта кетсек, елордалық клуб аталған қарсыласымен 9 қаңтарда тағы бір мәрте кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб «Амур» командасынан қатарынан екі мәрте жеңілді.