Хоккей: «Барыс» бүгін «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын бүгін, 8 қазан күні елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 21 мәрте кездесті. Оның 17-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында қытайлық клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде он алты ойыннан кейін 17 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 13-орында келеді.
Ал, он жеті ойыннан кейін 15 ұпай жинаған «Куньлунь Ред Стар» 16-орынға жайғасқан.
Кейінгі он кездесудің тоғызында қазақстандық клуб жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Ак Барстан» басым түсті.