Хоккей: «Барыс» бүгін Ресейдің «Торпедо» клубымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыс» бүгін Ресейдің «Торпедо» клубымен кездеседі

Аталған ойын бүгін, 17 қазан күні елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 37 мәрте кездесті. Оның 21-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде он тоғыз ойыннан кейін 21 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 12-орында келеді.

Ал, он жеті ойыннан кейін 23 ұпай жинаған «Торпедо» 6-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің алтауында қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ресейдің «Амур» (Хабаровск) клубынан басым түсті.