Хоккей: «Барыс» бүгін «Сочи» командасымен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сочи» клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын елорда уақытымен 22:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 16 мәрте кездесті. Оның 10-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде үш ойыннан бір ұпайға қол жеткізген «Барыс» 20-орында келеді. Ал үш ойыннан кейін ұпай алмаған «Сочи» 22-орынды місе тұтып тұр.
2021 жылдың 16 қарашасында өткен ойында «Сочи» 5:2 есебімен басым түссе, елордада «Барыс» сол жылдың 9 желтоқсанында олардан дәл сондай есеппен басым түсті.
Айта кетсек, бұдан кейін «Барыс» елордада 13 қыркүйекте «Трактор» (Челябинск) командасын қабылдайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб үш ойында қарсыластарына есе жіберіп қойды.