Хоккей: «Барыс» «Cибирь» командасынан жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 28 желтоқсанда елордада Ресейдің «Cибирь» (Новосібір) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда турнир кестесінде қатарлас тұр. Олардың плей-офф кезеңіне шығуына мүмкіндігі бар. Бүгін жеңіске жеткен жағдайда «Барыс» жағдайын одан әрі жақсартса, «Cибирь» плей-оффқа шығатын 16 команданың қатарына қосылуға мүмкіндік алатын.

Кездесу барысында елордалық хоккейшілер ойынды жақсы бастады. Алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 3-минутында Мэтт Фрэттин мергендік танытты.

Екінші кезеңде ресейлік команда таразы басын теңестіріп кетті. Оны 31-минутта Ефрим Гуркин өзінің еншісіне жазды.

Үшінші кезең бастала салысымен «Cибирь» есепті ұлғайта түсті. Бұл жолы 40-1-минутта Дмитрий Саюстов қақпадан мүлт кеткен жоқ. Ойынның бітуіне 15 секунд қалғанда ресейлік клуб сапынан Микаэль Руохомаа жеңіс шйбасын соғып кетті.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық клуб биыл «Cибирь» клубына екінші мәрте есе жіберіп отыр.

Бұдан бұрын 26 қазанда Новосібірде өткен ойында оларға 1:3 есебімен жеңілді.

Енді елордалық клуб 30 желтоқсанда елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын қабылдайды.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» он ойынның тоғызында жеңіске жеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар