Хоккей: «Барыс» екінші ойында «Амурдан» жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейде Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» «Амур» (Хабаровск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыс» екінші ойында «Амурдан» жеңілді

Естерңізге сала кетелік, екі күн бұрын екі команда Хабаровскіде бір ойын өткізді. Бұл ойында «Барыс» буллиттен 5:4 есебімен басым түскен еді.

«Амур» хоккейшілері сол кеткен есені қайтаруға тырысты. Кездесу басынан сауатты ойын көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан 9-минутта Кирилл Рассказов есеп ашып кетті. Ал 17-минутта «Амур» сапынан Гинек Загорна есепті үстемелей түсті.

Гинек Загорна 21-минутта тағы бір мәрте мергенлік танытса, 32-минутта Александр Горшков «Барыс» қақпасын дәл көздеді.

Үшінші кезеңнің 41-минутында елордалық клуб қатарынан Даррен Диц есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейін қазақстандық клубтың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Жеңіс шайбасын 59-минутта «Амур» хоккейшісі Владимир Бутузов соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

«Барыс» бұдан кейін 8 қаңтарда Екатеринбургте «Автомобилистпен» мұз айдынға шығады. Одан кейін 12 қаңтарда елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасын қабылдайды.