Хоккей: «Барыс» елордада «Адмиралдан» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. «Барыс» 17 ұпаймен 13-орында келе жатса, 16 ұпай жинаған «Адмирал» 17-орынға жайғасқан еді.

Кездесу барысында тартысты ойын өрбіді. Бірінші кезеңнің 9-минутында Егор Шалапов есеп ашса, Әлихан Әсетов 14-минутта басымдықты арттырды.

Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан жиі бой көрсетті. Десе де таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Ойынның үшінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау тапты.

Алдымен 48-минутта «Адмирал» хоккейшісі Евгений Лисовец есеп айырмасын қысқартса, одан кейін «Барыс» ойыншысы Энтони Луис 50-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 15 қарашада елордада Ресейдің «Амур» (Благовещенск) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Куньлунь Ред Стар» командасынан жеңілді.


Фото: instagram.com/barys_official





Соңғы жаңалықтар