Хоккей: «Барыс» елордада Ресейдің «Адмирал» командасымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын бүгін, 1 қарашада елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 28 мәрте кездесті. Оның 16-сы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде жиырма алты ойыннан кейін 25 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 15-орында келеді.
Ал, жиырма бес ойыннан кейін 28 ұпай жинаған «Адмирал» 11-орынға жайғасқан.
Кейінгі он кездесудің алтауында қазақстандық клуб жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» хоккей командасы ресейлік «Сибирь» клубын жеңіп кетті.