Хоккей: «Барыс» елордада «Салават Юлаевтан» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Салават Юлаев» (Уфа) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуді қазақстандық команда сәтті бастады. Бірінші кезеңнің 2-минутында Кирилл Савицкий «Барысты» алға шығарды.

Бірінші кезеңдегі таблодағы есеп өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде екі команданың есепті өзгертетін мүмкіндігі болған еді. Дегенмен олардың шабуыл шебіндегі әрекеті ешқандай нәтиже берген жоқ.

Үшінші кезеңнің 46-минутында «Барыс» хоккейшісі Джереми Бракко есепті ұлғайтса, 48-минутта «Салават Юлаев» сапынан Иван Дроздов мергендік танытты.

Ал Кирилл Савицкий 54-минутта тағы бір мәрте мергендігімен көзге түссе, 59-минутта Линден Вей қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша елордалық команда қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» командасы 23 қарашада елордада «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Амур» командасына жеңіліп қалды.


Фото: hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар