Хоккей: «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кездесу барысында елордалық команда сенімді ойын өткізді. Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына бір шайбадан енгізді. Алдымен елордалық Никита Михайлис 7-минутта есеп ашса, оған «Амур» хоккейшісі Павел Махановский 19-минутта бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңде небәрі бір минуттан астам уақыт ішінде «Барыс» хоккейшілері қарсылас команда қақпашысын үш мәрте қапы қалдырып кетті. Ойынның 26-минутында Ансар Шайхмедденов мергендік танытса, 27-минутта Юрий Сергиенко көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал арада 37 секунд өткенде Линден Вей есепті үстемелей түссе, 42-минутта Егор Петухов қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Енді елордалық клуб алдағы ойынын 17 қазанда елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ресейдің «Адмирал» командасынан басым түсті.



Соңғы жаңалықтар