Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасымен жолдастық кездесу өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында бүгін ресейлік «Динамо» (Мәскеу) командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Аталған ойын Мәскеу қаласындағы «ВТБ» аренасында болады. Басталуы - елорда уақытымен 16:00. Кездесу жанкүйерсіз өтеді.

Сондай-ақ, екі команда 24 ақпанда тағы бір мәрте шеберлік байқасады.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық клуб ресейлік «Спартак» командасынан 7:2 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады. Ойындар 1-13 ақпан аралығында болады. Жеңімпаз бір команданың төрт мәрте жеңіске жетуіне дейін жалғасады.