09:19, 21 Ақпан 2022 | GMT +5
Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Спартак»-пен жолдастық кездесу өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астаанның «Барысы» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында бүгін ресейлік «Спартак» (Мәскеу) командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын Мәскеу қаласындағы «Лужники» аренасында болады . Басталуы - елорда уақытымен 16:00. Кездесу жанкүйерсіз өтеді.
Бұдан кейін қазақстандық клубты Ресей астанасында мәскеулік «Динамоға» қарсы екі ойын күтіп тұр. Аталған кездесулер 22 және 24 ақпанға белгіленген.
Еске салсақ, Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады. Ойындар 1-13 ақпан аралығында болады. Жеңімпаз бір команданың төрт мәрте жеңіске жетуіне дейін жалғасады.
Айта кетсек, «Барыс» шығыс конференциясында сегізінші орынға тұрақтаса, «Металлург» екінші орынға табан тіреді.